Жаңалықтар

Оцените материал
(0 голосов)
19 Авг 16
Автор Прочитано 824 раз
Опубликовано в Ұстаздар k2

«Өлкеңді тану – өзіңді тану!» танымдық форумы

«Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы» ЖШС бастамасымен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мектеп оқушылары арасында «Өлкеңді тану – өзіңді тану» тақырыбында танымдық экспедиция ұйымдастыру ережесі ұсынылған еді.
Осы бастамаға үн қосқан Алматы облысы Талғар ауданы № 35 мектеп-гимназиясы және Қарасай ауданындағы әл-Фараби атындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын гимназия болды.
Танымдық экспедицияның мақсаты оқушылар бойындағы еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілікті арттыру болды. Оқушыларды республика аймақтарымен толық таныстыра отырып, әр өңірдегі табиғи, тарихи, мәдени, этнографиялық құндылықтарды зерделеуіне мүмкіндік берді.
Аталған білім беру ұйымдарындағы оқушылар жас ерекшеліктерін ескере отырып ереже талаптарына орай 1-4 сынып, 5-9 сынып, 10-11 сыныптар болып жұмыстарды орындады.
Шара ұсынылған ережеге сәйкес алдымен сыныпта жүргізілді. Сыныптарға еліміздегі 14 облыс, Алматы және Астана қалалары бөлініп беріледі.
1-4 сынып оқушылары өз сыныптарына бекітілген аймақ туралы толық ақпарат жинап, фильмдер көрді, берілген аймақ табиғатын көрсететін «Табиғат тамашалары» тақырыбындағы суреттер көрмесін ұйымдастырып, сол өңірден шыққан тұлғалар, танымал адамдар туралы материалдар жинақтады. «Менің өлкем» тақырыбында эссе жазыды.
5-8 сыныптар берілген аймақ туралы толық ақпарат жинап, фильмдер көрумен қатар кітапхана, мұрағат материалдарын қарастырды. «Тарих толқынында» тақырыбында сол өңірдің тарихынан сыр шертетін материал әзірлеп (тұлғалар, тарихи-мәдени ескерткіштер т.б. қамтылды)., «Тамаша табиғат» тақырыбымеен өңірдің әсем аймақтары мен табиғи ескерткіштерін жинақтап слайдтар, бейнебаян жасады.
9-10 сыныптар берілген аймақ туралы толық ақпарат жинай отырып, жоғарыда аталған іс-әрекеттерге қоса «Кәсіп түбі - нәсіп» тақырыбымен әрбір аймақтағы шаруашылықтың дамуы, кәсібі туралы, кешегісі мен бүгінін қамтып ой-толғау жазды, сахналық қойылымдар көрсетті.
Шараның қорытынды бөлімі мектепішілік үлкен жиында тыңдалады. Оқушылар бекітілген аймақтың картадағы орнын көрсете отырып слайдтар, бейнекөрсетілім арқылы географиялық орны, табиғаты, мәдени, тарихи байлығын т.б. көрсете білді. Аймақ туралы ақын-жазушылардың өлең-жырларын жатқа оқыды.
Шараның идеологиялық мазмұны оқушылардың еліміздің аймақтарындағы үлкен қалаларды, елді мекендерді, тарихи орындарды, қасиетті жерлерді, архитектуралық ескерткіштер мен мәдени мұра құндылықтарын білуге мүмкіндік берді.
Оқушылар әр өңірдің тарихи қалыптасуы, ондағы тұлғалардың (хандар, билер, көсемдер, шешендер, батырлар, жыраулар т.б.) ықпалы туралы және мемлекеттілік пен тәуелсіздіктің құндылықтары туралы ойларын қалыптастырды.
Берілген шара Қазақстанның елді мекендеріндегі табиғи көрікті мекендер, табиғат ескерткіштері мен табиғи қорықтарды, олардың фаунасы мен флорасын танып білуіне ықпал етті, туған еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға көмектесті.
Аймақтардың табиғат ерекшеліктерін байланысты еңбек түрлері, олардың даму тарихы мен бүгіні туралы ақпараттар алмасуға жағдай жасалды. №35 мектеп –гимназия оқушылары Павлодар облысы, Маңғыстау облысы, Қызылорда облысы мектептерімен, Ы.Жақаев мұражайымен тікелей байланысқа шықты. Шалғайдағы достары оқушыларға ақ тілектерін жолдады.
Атырау облысы Мақат ауданы әкімшілігінен, Маңғыстау облысынан байланысқа шыққан ересек әріптестеріміз өтіліп жатқан шараға ыстық ықыластарын білдірді.
Жеңімпаздар марапат қағаздар, дипломдармен марапатталды. Материалдық ынталандырулар болды.
«Өлкеңді тану – өзіңді тану» тақырыбындағы танымдық экспедицияны мектептер ұжымдары, оқушылар, ата-аналар ыстық ықыласпен қабылдады, қызығушылықпен өткізді. Шараны өткізу барысында ата-аналар мен оқушылардың, мұғалімдердің арасында ерекше қарым-қатынас орнады. Бұл шараның тоқтамай жалғаса беруі туралы тілектерін білдірді.

Последнее изменение Четверг, 23 Март 2017 16:19

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.


Уроки создания сайта.