Менеджер

Понедельник, 12 Март 2018 05:09

Наурыз мерекесін атап өту

Наурыз мерекесін кеңінен насихаттау, оның мәнін тереңінен түсінуге ықпал ету мақсатында «Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы» ұжымы білім беру ұйымдарында Наурыз мерекесін атап өтудің 10 күндік жоспарын ұсынамыз

Орындалу уақыты Шараның атауы Қатысушылар

Орындалатын

әркеттер

14 наурыз

немесе

1 күн

«Көрісу» күні

Наурыз мерекесінің басталуы

Жалпы білім беру ұйымы (мектеп т.б) ұжымы,

Оқушылар,

ата-аналар

1.Ұлттық киім кию

2.Лездемеден бастап наурыз мерекесі туралы ақпараттар беру, мәнін жан-жақты түсіндіру.

«Көрісу» салтын жасау: амандасу, төс қағыстыру, жақсы тілек тілеу, сыйлықтар жасау т.б

3. Әр сыныпта сынып сағаттарын өткізу

2 күн Мектеп (үй) ауласын тазалау

Жалпы білім беру ұйымы (мектеп т.б) ұжымы,

Оқушылар,

ата-аналар

Аулаларды, арықтарды тазалау, арықтарға су жіберу, ағаш отырғызу, гүл егу т.т.

Үйде жасаған жұмыстары туралы оқушылардың фото, бейне есебін көру

3 күн

Қайырымдылық шаралар күні

Жалпы білім беру ұйымы (мектеп т.б) ұжымы,

Оқушылар,

ата-аналар

Қайырымдылық көмектер көрсету (қарт адамдар, тұрмыс жағдайы төмен жандар т.б.)

Ауласын, үйін тазалап көмек қолын созу т.б. шаралар

4 күн «Аталы ел – баталы ел» бата беру күні

Жалпы білім беру ұйымы (мектеп т.б) ұжымы,

Оқушылар,

ата-аналар

Мектепте ерекше дәстүр қалыптастыру күні:

-      Ересек адамдардың оқушыларға бата беруі

-      Сыныпта батаның түрлері, оның тілектен айырмашылығы т.б түсініктер беру

-      Оқушылар арасында бата айту жарысын өткізу.

5 күн «Наурыз шуағы» суреттер байқауы

1-4 сыныптар

5-9 сыныптар

10-11 сыныптар

Табиғат әсемдігін бейнелелеу, әр сыныпта суреттер көрмесін жасау
6 күн Мақал-мәтелдер күні

1-4 сыныптар

5-9 сыныптар

10-11 сыныптар

Әр сыныпта наурыз, еңбек пен қайырымдылық, әсемдік пен инабаттылық т.б. тақырыптарында мақалдар айту күні
7 күн Жаңылтпаштар күні

1-4 сыныптар

5-9 сыныптар

10-11 сыныптар

Тіл ширату күні. Әр сыныпта өз жасына лайықты жаңылтпаштар жарысын өткізу
8 күн Өлең-жыр айтысы

1-4 сыныптар

5-9 сыныптар

10-11 сыныптар

Әр сынып ақын-жазушылардың наурыз мерекесіне арналған туындыларымен бөлісу. Өлеңдерін жатқа оқу. Прозалық шығармалар туралы пікір алмасу. Ақындық қабілеті бар оқушыларды анықтау, олардың өз шығармаларын оқыту
9 күн Өнер жарысы

1-4 сыныптар

5-9 сыныптар

10-11 сыныптар

Әншілік, бишілік өнерді ортаға салу. Аймақтар мақамдарымен жыр-термелер айту
10 күн Ұлттық ойындар

1-4 сыныптар

5-9 сыныптар

10-11 сыныптар

Ұлттық ойындарды ойнау.

Асық, тоғызқұмалақ, арқан тартыс, «Айқыш-ұйқыш», «Ақ серек пен көк серек», «Алқа қотан», «Алтыбақан» т.б.

11 күн

Қолайлы күнді таңдап өткізуге болады

«Наурыз-думан» жалпы ұйымдық шара

1-4 сыныптар

5-9 сыныптар

10-11 сыныптар

  • ·Ауылдарға бөліну, атаулар беру
  • ·Ұлттық бұйымдар көрмесін жасау
  • ·Ұлттық дәстүрлерді көрсету
  • ·Ойындар алаңын жасау
  • ·Ұлттық тағамдар жасау – жасалу жолдарын таныстыру
  • ·Сахналық қойылымдар көрсету (таңдалған атпен байланыстырса тіпті жақсы, мысалы «Райымбек» ауылы Райымбекке қатысты т.б.)
  • ·Өлең жыр айту.
р/с Автордың аты-жөні Жұмыс орны Бағдарлама атауы Кімдерге арналған Хаттама №
 

Түзелбаева Арай Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылындағы өнер мектебі

«Көркем сурет» пәнін оқыту бойынша авторлық бағдарлама

Балалар өнер мектептерінің көркемдік бөлімдеріне арналған

Хаттама № 8,

15 қазан 2015 жыл

 

Досбаева К.Ж., Алматы облысы, Балқаш ауданы,   Бақбақты ауылы, №1 Жамбыл атындағы орта мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі

«Тіл және тәрбие»

8‑9-сынып оқушыларына арналған

факультативтік сабақ бағдарламасы

Хаттама № 9,

20 қараша 2015 жыл

 

С.Ж. Алмагамбетова, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Н.Әлімқұлов атындағы орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі

«Біз ағылшынша сөйлейміз - We speak English»

5 сынып ағылшын тілі оқулығына қосымша құрал

Хаттама № 10,

23 мамыр 2016 жыл

 

Ж.О. Ермекбаева Ұзынағаш ауылындағы Өнер мектебінің директоры. Хореография бөлімінің қазақ-сахналық би пәнінің мұғалімі.

«Қазақ халық биі» пәнін оқыту бойынша авторлық бағдарлама

Қосымша білім беру жүйесі

Өнер мектептерінің қосымша білім беру педагогтарына

Хаттама № 11,

25 мамыр 2016 жыл

 

Р.Б. Сабдалиева

Хореография бөлімінің қазақ- сахналық би пәнінің   мұғалімі,балетмейстер

«Халық-сахналық биі» пәнін оқыту бойынша авторлық бағдарлама

Қосымша білім беру жүйесі

Өнер мектептерінің қосымша білім беру педагогтарына

Хаттама № 11,

25 мамыр 2016 жыл

 

О.К. Камилова– фортепиано сыныбының мұғалімі

«Специальное фортепиано»                                                                                                                                                    для 5-8 классов

Қосымша білім беру жүйесі

Өнер мектептерінің қосымша білім беру педагогтарына

Хаттама № 11,

25 мамыр 2016 жыл

 

Д. С.Шайхманова Фортепиано сыныбының мұғалімі

«Арнайы фортепиано» пәнінің авторлық бағдарламасы

Қосымша білім беру жүйесі

Өнер мектептерінің қосымша білім беру педагогтарына

Хаттама № 11,

25 мамыр 2016 жыл

 

М. А. Асимова– Хореография бөлімінің классикалық би пәнінің мұғалімі

«Классический танец» в системе дополнительного образования

Қосымша білім беру жүйесі

Өнер мектептерінің қосымша білім беру педагогтарына

Хаттама № 11,

25 мамыр 2016 жыл

  А.Ж.Касенова - Хореография бөлімінің халық-сахналық

Қосымша білім беру жүйесі

Өнер мектептерінің қосымша білім беру педагогтарына

Хаттама № 11,

25 мамыр 2016 жыл

Вторник, 23 Январь 2018 09:46

«Менің отбасым және достарым»

Пән: Сауат ашу

Тақырыбы: Мен не үйрендім «Менің отбасым және достарым»

Мектеп: № 35 мектеп-гимназиясы

1 «Г» сыныбы  

Мұғалімнің аты-жөні: А.С.Солтанбекова
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

.Т/А3.Оқиғаны ретімен жай сөйлемдерді қолданып баяндау тәсілімен айтады (мұғалім көмегімен)

Ж1.Буындарды қолдана отырып,сөз құрап, жазады.

Ж2.Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлем құрастырып жазады.

Сабақ мақсаты Барлық оқушылар білу керек: Ата,Әже, Ана, Әке туралы,
өз отбасы туралы әңгімелеп береді;
Көпшілігі:
отбасы мүшелері қарым-қатынасы және әдептілігі туралы айтады
Кейбір оқушылар: сөйлемдерді қолданып баяндау тәсілімен айтады (мұғалім көмегімен)
тақырып бойынша сөйлемдер жазып, мәтін құрастырады.
Алдыңғы сабақта Әңгіменің басын, ортасын және соңын анықтап үйренді.
Сөздік қоры Менің отбасым, отбасы мүшелері, тату-тәтті тұрамыз, мен өз отбасымды жақсы көремін.

Жоспар

Белгіленген уақыт Жоспарланған жаттығулар Дереккөздер

Кіріспе бөлім

5 минут

Негізгі бөлім

30 минут

Сергіту сәті

1 минут

Қорытынды бөлім

5 минут

Шаттық шеңбері. (Ұ) Шеңбер бойында отырып

       
   
     

Оқу құралдарын дайындайды.

Сабақтан біз қалмаймыз,

Тазалықты сақтаймыз,

Оқу құрал жабдықты,

Ұқыпты біз ұстаймыз.

Суат ашу пәнінен алған білімдерін еске түсіру

Үй тапсырмасын сұрайды

Әдепті сөздер туралы өлеңді айтады.

Не деу керек? Өлеңін жатқа айту

Музыка ойнайды. «Немерем» әні орындалады.

Слайд арқылы отбасы суреті көрсетіледі

(Т) Дифференциация. Оқушылар топқа бөлінеді.

1-топ Ата Сөздерден сөйлем құрайды.

Ата туралы өз ойларын айтады, өлең ,мақал айтады.

2-топ Әже туралы суреттерді құрай отырып әңгіме құрастырады.

3-топ Ана туралы өз ойларын айтады   стикерге жазады

4- топ Әке Қамшы,мылтық, ат. Буындардан сөз құрап ,талдайды ,сөйлем құрайды

Өткен сабақты қорытады.

Анаң- күнің жүрегің.

Әкең –өмір тірегің,

Әжең –асыл ардағың,

Атаң-дана қорғаның.

Сен бақытты ұлансың ,

Бәрі саған қуансын.

Сергіту сәті Музыкамен билейді

Жаңа сабаққа дайындық

(ОТ) Слайд арқылы отбасы суреті көрсетіледі.

Ит , Мысық, бүркіт, ат, ойыншықтар достық туралы айту

Кітап сөзін шығару, кітаппен достықтары туралы айту

О .Оқулықпен жұмыс

Несіпбек Айытовтың «Кітап» туралы өлеңін оқыту

А. Тәуелсіз мемлекетіміздің достығы туралы айту.Ескен Елубайдың «Достық» туралы өлеңін музыкасымен айту.

(Ж) Дәптерлерді ашайық,

Қолға қалам алайық ,

Жалқаулықты тастайық,

Әдемі етіп жазайық.

Өлеңнің соңғы екі жолын жаздыру

Слайд арқылы қорытындылау.

Рефлекция. Кері байланыс.

Үйге тапсырма

Шаттық шеңбері

Ресурстар: Өлең, суреттер, сөздер, сөйлемдер, буындар, слайд,

Сергіту сәті

Таныстырылым,оқулықпен жұмыс

 Оқулық дәптер

Қосымша ақпарат.

Дифференциация Оқушыларға қолдау көрсету үшін жұлдызшалар беріледі.

Қабілетті оқушылар А, Ж, В, Р, М, С атты оқушыларға отбасы туралы қысқа сөйлемдермен мәтін құрастырады.

Оқушылардың жазылым дағдыларынқалыптастырушы бағалау жұмысындағы жетістік критерийі арқылы тексеремін.

Сабақ математика пәнімен байланысты, көркем еңбек.

Жаратылыстану пәнімен байланысты, өйткені оқушылар жануарлар туралы айтты. Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты жоспарланды.

Слайд арқылы отбасы суреті көрсетіледі.

Оқушылардың бойында отбасына деген құрмет, сыйластық сезімдері қалыптасады.

Понедельник, 22 Август 2016 16:59

Ұстаздық еңбек

Четверг, 18 Август 2016 07:06

Мектеп басшылары үшін

      Білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби шығармашылығын шыңдау, педагогикалық-психологиялық, әдістемелік қолдау көрсете отырып, кәсіби біліктілігін арттыру, білім беру үдерісін және білім беру мазмұнын жаңғыртуда мамандарға бағыт бағдар беру, мақсатында республика көлемінде «Шығармашылық шеберлікке баулу» орталығы қызмет жасайтынын хабарлаймыз.

     Орталық, пән мұғалімдері үшін – «Заманауи білім берудегі интербелсенді оқыту әдістері мен педагог шеберханасы» (72 сағат); қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне ¬- "Пәнді оқытудағы жеке шығармашылық ізденіс мәселелері; сынып жетекшілеріне арналған – "Оқушының функционалдық сауаттылығын арттырудағы сынып жетекшісінің жұмыс мазмұны" (72 сағат); дене шынықтыру, технология пәндері мен мектептігі қосымша білімді ұйымдастыру және тәрбие мәселелері үшін оқытудың мазмұны жеке қарастырылады.

      Мектеп басшылары үшін – «Уақыт талабы тұрғысынан іскерлік дағдыларды қалыптастыра отырып басқару шеберлігін шыңдау» (72 сағат); қосымша білім беру ұйымдарының мамандары үшін - «Қосымша білім беруде интербелсенді әдістерді тиімді пайдалана отырып педагогикалық шеберлікті шыңдау» (72 сағат) т.б. тақырыптарында біліктілік арттыру курстарын ұсынады. Аталған курстардың мақсаты заманауи білім беру талабына сәйкес оқу-тәрбие жұмыстарын жаңаша ұйымдастыру, мұғалімдердің функционалдық сауаттылығы мен жаңаша оқыту әдістерін қолдана білуіне ықпал ету, жергілікті жерлердегі авторлық бағдарламаларды зерделеу, мамандарға әдістемелік көмек көрсету, озық тәжірибелерді республикаға тарату. Аталған курстар аясында алынған бағытқа сәйкес нормативтік құқықтық құжаттар, білім беру саласындағы жаңа технологиялар және олардың қолданылуы, интербелсенді әдістерді тиімді қолдану жолдары, АКТ мүмкіндіктерін пайдалана білу және желілік қауымдастыққа ену мүмкіндіктері қарастырылады. Курс барысында мамандардың біліктілігін арттыру тәжірибедегі әрекеттерімен байланыста болуы үшін өздерінің жұмыс орындарынан (мектеп, балабақша, орталық, т.б.) алыстамай, нақты іс-әрекеттерді жүзеге асыру мүмкіндіктері тұрғысынан қарастыру басты назарға алынады. Тыңдаушылардың талап-тілектеріне байланысты тақырыптар қарастырылады.

Уроки создания сайта.