Сыныптан тыс жұмыстар әзірлемелері (1)

23 Янв 18
Автор

Қазақ халқының әдет - ғұрпы мен салт – дәстүрлері

Сынып сағаты

Зауре Мусабекова, тарих пәнінің мұғалімі, №35 мектеп-гимназия, Талғар ауданы, Алматы облысы.
Айгерім Кодекова, сынып жетекшісі, №35 мектеп-гимназия Талғар ауданы, Алматы облысы

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Қазақ халқының әдет – ғұрпы мен салт – дәстүрлері туралы кең көлемді мағлұмат беру.
2. Тәрбиелік: оқушыларды жан – жақты білімді болуға, салт – дәстүрді құрметтеуге, сақтауға, қонақжайлылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: ой – өрісін кеңейту, дүниетанымын, этика – эстетикалық талғамдарын, ойлау қабілеттерін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, көркем әдебиет, тірек кесте, слайдтар, суреттер.
Сабақтың түрі: сахналық көрініс.
Сабақтың әдісі: баяндау, иллюстрациялық түсіндіру, сахналау, ойын элементтерін пайдалану, қызығушылықты ояту стратегиясы.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, география, әдеп, музыка.
І – жүргзуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар! Қадамдарыңызға гүл бітсін!
ІІ – жүргзуші: Ата-ана тәрбиесі – қазақ халқы үшін толассыз таусылмайтын қазына. Бүгінгі таңда нағыз ұлтжанды, жүрегі қазақ деп соғатын азаматтарды тәрбиелеу үшін ата-ана тәрбиесі ең басты, ең маңызды, ең қажетті, ең керекті тәрбие.
І – жүргзуші: Ананың балаға беретін ең зор сыйы-ана сүті. Ана сүтімен берілетін ең асыл сыйы – ана тілі. Ана сүтін бойға сіңірген, ана тілінің құдіретін түсініп, өз Отанын, өз халқын сүйетін әрбір қазақ халқының ұрпағы өз тілін, дінін құрметтейтін «нағыз қазақ» болып өсуі тиіс.
ІІ – жүргзуші: Көптеген ғасырлардың барысында қазақтардың өзіндік бірегей әдет – ғұрыптары мен салт – дәстүрлері қалыптасты. Қазақтардың әдет – ғұрыптары мен салт – дәстүрлері үй ішіндегі отбасылық және адамдардың өзге де топтары арасындағы өзара қарым – қатынастарды қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.
І – жүргзуші: Өнер халық – өміршең халық,қазақтың әдет-ғұрпына,салт-дәстүрлеріне бағытталған «Қазақ халқының әдет – ғұрпы мен салт – дәстүрлері» атты сахналық көрінісімізді бастаймыз. Сахналық көрінісімізді басында салт-дәстүрлер туралы қысқаша мәлімет тыңдаңыздар.
ІІ – жүргзуші: Қазақ халқы салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл оның мәдениеті, әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Салт-дәстүрлі ел – мықты, әрі түбі берік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген.

Уроки создания сайта.