Super User

«Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы» ЖШС «Ұлттық мектеп моделі: авторлық мектептер тәжрибелері» атты сырттай педагогикалық жәрмеңке өткізеді.
Аталған шара тәуелсіз еліміздегі алғашқы ұлттық мектеп моделін қалыптастырушы, «Сенім» оқу-тәрбие бағарламасының авторы, қазақ гуманитарлық мәдениеті лицейін ашушы әйгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Алма Мүтәліпқызы Қыраубаеваны еске алу, ұлағатты ұстаздың еңбектерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылады.
Мақсаты: Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы білім беру ұйымдарындағы ұлттық-рухани құндылықтарға бағытталған оқу-тәрбие жұмысының жүйеленуіне ықпал ету және педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру, өзара тәжірибе алмасу.

Білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби шығармашылығын шыңдау, педагогикалық-психологиялық, әдістемелік қолдау көрсете отырып, кәсіби біліктілігін арттыру бағытында «Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы» ЖШС республика көлемінде қызмет атқарады. Орталықтың басты мақсаты білім беру жүйесінде болып жатқан жаңаруларға сәйкес педагог мамандарға көмек көрсету, оқытудың белсенді әдістерін тиімді қолдана алуы және критериалды бағалау жүйесін дұрыс меңгеруіне ықпал ету. Сонымен қатар, рухани жаңғыру талаптарына сәйкес оқу-тәрбие жұмыстарын жаңа мазмұнда ұйымдастыра білуге көмектесу, жергілікті жерлердегі авторлық бағдарламаларды зерделеу, мамандарға әдістемелік көмек көрсету, озық тәжірибелерді республикаға тарату.
Курстар мамандардың қажеттіліктеріне қарай барлық пән мұғалімдері үшін, сынып жетекшілері, қосымша білім беру ұйымдарының мамандары мен мектеп басшылары (директорлар, орынбасарлар), мектепке дейінгі оқу-тәрбие ұйымдары мамандары т.б. категориялар бойынша (80 сағат, 40 сағат) өткізіледі.
Ұсынылатын тақырыптар:
«Білім мазмұнының жаңаруы жағдайындағы оқытудың белсенді әдістері және критериалды багалау жүйесі»;
«Заманауи білім берудегі интербелсенді оқыту әдістері мен педагог шеберханасы»;
«Қазақ тілі пәнін оқытудағы жеке шығармашылық ізденіс және ҰбТ даярлығы мәселелері";
"Оқушыны белсенді өмірге дайындаудағы сынып жетекшісінің жұмыс мазмұны";
«Қосымша білім беруде интербелсенді әдістерді тиімді пайдалана отырып педагогикалық шеберлікті шыңдау» т.б.

«Ұлттық ойын – бабалар мұрасы» атты мектепішілік асық ойынының ережесі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген «2015-2020 жылдарға арналған Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру» және ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында мектеп оқушыларының арасында өткізілетін асық ойынының мектепішілік жарыстары ережелерін анықтайды.

«Өлкеңді тану – өзіңді тану!» тақырыбында танымдық экспедицияны ұйымдастыру ережесі

Жалпы ережелер

Бұл ереже Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мектеп оқушылары арасында өткізілетін «Өлкеңді тану – өзіңді тану» тақырыбындағы танымдық экспедицияның мектеп ішінде өткізілу шарттарын анықтайды.


Танымдық экспедицияның мақсаты мен міндеттері

Танымдық экспедицияның мақсаты оқушылардың бойындағы еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілікті арттыру. Оқушыларды республика аймақтарымен толық таныстыра отырып, әр өңірдегі табиғи, тарихи, мәдени, этнографиялық құндылықтарды зерделеуіне мүмкіндік беру.
Шараның идеологиялық мазмұны төмендегідей міндеттерді қамтиды:

«Шығармашылық шеберлікке баулу» орталығы 2015 жылдың 15 сәуірі күні «Ұстаздық еңбек: Тарих. Қоғам. Тұлға» тақырыбында республикалық конференция өткізеді.
Аталған шара ІІ-ші дүние жүзілік соғыстың аяқталуына 70 жыл және ардақты ұстаз, қоғам қайраткері, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі Асылхан Қасымбектің туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылуда.
Шараның басты мақсаты – ел басына күн туған кезеңде қолына қару алған майдангер-ұстаздардың ерлігі мен еңбегіне тағзым ету. Өскелең ұрпаққа бабалар өнегесін кеңінен насихаттау.
Қанды қырғынды бастан кешкен отандастарымыздың қатарында Ұлы Жеңіске үлес қосқан ұлтжанды азамат, еңбек ардагерінің өнегелі өміріне арналған бұл шара ұстаз еңбек еткен Балқаш ауданы, Миялы орта мектебінде атап өтіледі.

Четверг, 11 Январь 2018 11:24

Біздің қызметіміз туралы

Білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби шығармашылығын шыңдау, педагогикалық-психологиялық, әдістемелік қолдау көрсете отырып, балалардың тұлғалық ерекшеліктерін ескеріп жұмыс жасау мәселелері мен жеке авторлық ізденіске бағдар беру мақсатында «Шығармашылық шеберлікке баулу» орталығы қызмет жасайтынын хабарлаймыз.
Орталықтың міндеттері: Білім беру ұйымдарында тұлғаның әдептілік-әдемілігі, салауатты өмір салтын ұстануы, ұлтжандылық, отаншылдық, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруды тағылымтану мен тұлғалық танымға негіздей отырып мамандардың кәсіби біліктіліктерін арттыруға атсалысу.
• Отбасылық тәрбиедегі ата-ананың тәрбиелік танымына оңды ықпал ету.
• Ұлттық педагогиканың теориялық негіздеріне сай білім беру ұйымдарындағы жүргізіліп жатқан оқу-тәрбие жұмыстары мен жеке ізденіс бағдарламаларын зерделеу.

Пятница, 17 Март 2017 05:45

Сабақ жоспарлары

  • Сабақ жоспарлары
Пятница, 26 Август 2016 05:06

Тәрбие орталығы жұмыстары

 

 

 

 

Орталық мамандары көмегімен жасалған әдістемелік құралдар

1. Балалар өнер мектептерінің көркемдік бөлімдеріне арналған «Көркем сурет» пәнін оқыту бойынша оқу-әдістемелік кешен. Құрастырушы-автор: Түзелбаева Арай Алданқызы. Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз өнер мектебі, сәндік қолданбалы өнер сыныбының мұғалімі.

2. «Кескіндеме» пәнін оқыту бойынша оқу-әдістемелік кешен. Құрастырушы-автор: Түзелбаева Арай Алданқызы. Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз өнер мектебі, сәндік қолданбалы өнер сыныбының мұғалімі.

3. «Қазақ халық биі» пәнін оқыту бойынша авторлық бағдарлама, Құрастырушы-авторлар: Ж.Ө. Ермекбаева. Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылындағы Өнер мектебінің директоры. Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері, Халықаралық “Әлемдік мәдениет және Өнер” байқауының І дәрежелі диплом иегері (АПОЛЛОН-ЮНЕСКО)хореография бөлімінің қазақ-сахналық би пәнінің мұғалімі. Р.Б. Сабдалиева – ҚР Мәдениет саласының үздігі, Ғ.Жұбанова атындағы музыкалық Білім және Мәдениет степендиясының иегері хореография бөлімінің қазақ- сахналық би пәнінің мұғалімі, балетмейстер.

4. Авторская программа по предмету «Специальное фортепиано» для 5-8 классов, О.К. Камилова, Ұзынағаш ауылындағы Өнер мектебінің фортепиано сыныбының мұғалімі.

5. «Арнайы фортепиано» пәнінің авторлық бағдарламасы. Құрастырушы-автор: Д. С.Шайхманова, Ұзынағаш ауылындағы Өнер мектебі фортепиано сыныбының мұғалімі.

6. Авторская программа по предмету «Классического танца» в системе дополнительного образования. Құрастырушы-автор: М. А. Асимова, Ұзынағаш ауылындағы Өнер мектебінің хореография бөлімінің классикалық би пәнінің мұғалімі.

7. Хореография бөлімінде «Халық-сахналық биі» пәнін оқыту бойынша авторлық бағдарлама. Құрастырушы-автор: А. Ж. Касенова, Ұзынағаш ауылындағы Өнер мектебі хореография бөлімінің халық-сахналық би пәнінің мұғалімі.

8. «Тіл және тәрбие» 8 9-сынып оқушыларына арналған факультативтік сабақ бағдарламасы. Құрастырушы-автор: К.Ж.Досбаева,Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақбақты ауылы, №1 Жамбыл атындағы орта мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі.

9. Қазақ тілі. Дидактикалық материалдар. Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған. Құрастырушы-авторлар: А.А. Қасымбек, Г.А.Калибаева.

10. «Ұлттық дүниетаным» орта буын оқушыларына арналған қолданбалы курс бағдарламасы. Құрастырушы-авторлар: А.К.Молдажимова, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Г.Белинский атындағы орта мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі. М.Р.Рысбаева, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Бурыл орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі.

11. “We speak English”, 5 сыныпқа арналған көмекші құрал, Құрастырушы-автор: С.Алмагамбетова, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Н.Әлімқұлов атындағы орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі.

 

 

Уроки создания сайта.