Құрметті әріптестер! Республикадағы білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби шығармашылығын шыңдау, біліктілігін арттыру, оларға педагогикалық-психологиялық, әдістемелік қолдау көрсету, жеке авторлық ізденісіне бағдар беру және балалардың тұлғалық дамуы мен дарындылық қабілеттерін ұштау мақсатында қызмет атқаратын «Шығармашылық шеберлікке баулу» орталығы 2015 жылдың 15 сәуірі күні «Ұстаздық еңбек: Тарих. Қоғам. Тұлға» тақырыбында республикалық конференция өткізеді. Аталған шара ІІ-ші дүние жүзілік соғыстың аяқталуына 70 жыл және ардақты ұстаз, қоғам қайраткері, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі Асылхан Қасымбектің туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылуда. Шараның басты мақсаты – ел басына күн туған кезеңде қолына қару алған майдангер-ұстаздардың ерлігі мен еңбегіне тағзым ету. Өскелең ұрпаққа бабалар өнегесін кеңінен насихаттау. Қанды қырғынды бастан кешкен отандастарымыздың қатарында Ұлы Жеңіске үлес қосқан ұлтжанды азамат, еңбек ардагерінің өнегелі өміріне арналған бұл шара ұстаз еңбек еткен Балқаш ауданы, Миялы орта мектебінде атап өтіледі.

    Конференция келесі бағыттар бойынша жұмыс жасайды: 1. Пәнді оқытудағы педагогтың жеке ізденісі. 2. Қосымша білімді (білім беру ұйымында және ұйымнан тыс мекемеде) ұйымдастырудағы педагогтың жеке ізденісі. 3. Мәдени көпшілік, спорттық іс-шараларды ұйымдастырудағы педагогтың жеке ізденісі Қатысушылар үшін мынадай тақырыптар ұсынылады: «Ұстаз еңбегі: ізденіс пен нәтиже», «Ұстаз – тарихи тұлға», «Қоғам дамуындағы педагог рөлі», «Жеке ізденісім мен жаңашылдық қадамдарым», «Педагог тәжірибесі – қоғамдағы білім саласын дамытуға сүбелі үлес», т.т. немесе педагог өз қалауынша құра алады. Конференция екі кезеңде өтеді: 1) 15. 04. 2015 жылы ардагер ұстаздың мектебінде конференция ұйымдастырылады. 2) Конференцияға қатысуға тілек білдірушілердің (Республика өңірінде) мақалаларын жинақтау, ой-пікірлерін жариялау жұмысы маусым айының аяғына дейін жалғасын табады. Ұйымдастыру комитеті конференция материалдарын жинақ түрінде тамыз кеңесіне дейін жариялауды жоспарлайды. Жинаққа ену үшін материалдар (баяндама, мақала) 2015 жылдың 1 маусымына дейін электронды түрінде ұйымдастыру комитетіне жіберілуі қажет. Кері байланыс мекен-жайлары толық көрсетілуі тиіс. Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. Байланыс телефондары:+77073187140, +77758531701. Ұйымдастыру комитеті мен редакциялық комиссияның мақалаларды іріктеу құқы бар.

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Уроки создания сайта.