Біліктілік арттыру курстары туралы

Оцените материал
(0 голосов)
11 Янв 18
Автор Прочитано 8 раз

Білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби шығармашылығын шыңдау, педагогикалық-психологиялық, әдістемелік қолдау көрсете отырып, кәсіби біліктілігін арттыру бағытында «Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы» ЖШС республика көлемінде қызмет атқарады. Орталықтың басты мақсаты білім беру жүйесінде болып жатқан жаңаруларға сәйкес педагог мамандарға көмек көрсету, оқытудың белсенді әдістерін тиімді қолдана алуы және критериалды бағалау жүйесін дұрыс меңгеруіне ықпал ету. Сонымен қатар, рухани жаңғыру талаптарына сәйкес оқу-тәрбие жұмыстарын жаңа мазмұнда ұйымдастыра білуге көмектесу, жергілікті жерлердегі авторлық бағдарламаларды зерделеу, мамандарға әдістемелік көмек көрсету, озық тәжірибелерді республикаға тарату.
Курстар мамандардың қажеттіліктеріне қарай барлық пән мұғалімдері үшін, сынып жетекшілері, қосымша білім беру ұйымдарының мамандары мен мектеп басшылары (директорлар, орынбасарлар), мектепке дейінгі оқу-тәрбие ұйымдары мамандары т.б. категориялар бойынша (80 сағат, 40 сағат) өткізіледі.
Ұсынылатын тақырыптар:
«Білім мазмұнының жаңаруы жағдайындағы оқытудың белсенді әдістері және критериалды багалау жүйесі»;
«Заманауи білім берудегі интербелсенді оқыту әдістері мен педагог шеберханасы»;
«Қазақ тілі пәнін оқытудағы жеке шығармашылық ізденіс және ҰбТ даярлығы мәселелері";
"Оқушыны белсенді өмірге дайындаудағы сынып жетекшісінің жұмыс мазмұны";
«Қосымша білім беруде интербелсенді әдістерді тиімді пайдалана отырып педагогикалық шеберлікті шыңдау» т.б.


Сұраныстар бойынша ««Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсын оқытуды педагогикалық-психологиялық қолдау», «Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметті педагогикалық қолдау», «Инклюзивті білім берудің талаптары мен жолдары» т.с.с. тақырыптарында, сондай-ақ сұраныстар бойынша ұйым базаларында курстар, семинарлар ұйымдастырамыз.
Курс аясында пән мұғалімдерінің қажеттіліктері бойынша дене шынықтыру, технология т.б жекелеген категориялар бойынша және мектептігі қосымша білімді ұйымдастыру, мектеп психологтері үшін қосымша ақпараттар мен кеңестер беріледі. Аталған курстар таңдалған бағытқа сәйкес нормативтік құқықтық құжаттарға негізделеді және білім беру саласындағы жаңа технологиялар және олардың қолданылуы, интербелсенді әдістерді тиімді қолдану жолдары, АКТ мүмкіндіктерін пайдалана білу және желілік қауымдастыққа ену мүмкіндіктерін қарастырады.
Біліктілік арттыру курстарын ұйыымдастыру өзара келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады. 6 ай мерзімінде курс аяқтаушыларға сұраныстары бойынша көмектер көрсетіледі.
Көмектеріңіз үшін алдын ала ризашылығымызды білдіреміз және әріптестікте жұмыс жасауға дайынбыз!

Другие материалы в этой категории: « Қосымша білім беру ұйымдарының мамандары үшін

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.


Уроки создания сайта.