Пән мұғалімдері үшін

Оцените материал
(1 Голосовать)
18 Авг 16
Автор Прочитано 308 раз

       Білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби шығармашылығын шыңдау, педагогикалық-психологиялық, әдістемелік қолдау көрсете отырып, кәсіби біліктілігін арттыру, білім беру үдерісін және білім беру мазмұнын жаңғыртуда мамандарға бағыт бағдар беру, мақсатында республика көлемінде «Шығармашылық шеберлікке баулу» орталығы қызмет жасайтынын хабарлаймыз.

     Орталық, пән мұғалімдері үшін – «Заманауи білім берудегі интербелсенді оқыту әдістері мен педагог шеберханасы» (72 сағат); қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне ¬- "Пәнді оқытудағы жеке шығармашылық ізденіс мәселелері; сынып жетекшілеріне арналған – "Оқушының функционалдық сауаттылығын арттырудағы сынып жетекшісінің жұмыс мазмұны" (72 сағат); дене шынықтыру, технология пәндері мен мектептігі қосымша білімді ұйымдастыру және тәрбие мәселелері үшін оқытудың мазмұны жеке қарастырылады. Мектеп басшылары үшін – «Уақыт талабы тұрғысынан іскерлік дағдыларды қалыптастыра отырып басқару шеберлігін шыңдау» (72 сағат); қосымша білім беру ұйымдарының мамандары үшін - «Қосымша білім беруде интербелсенді әдістерді тиімді пайдалана отырып педагогикалық шеберлікті шыңдау» (72 сағат) т.б. тақырыптарында біліктілік арттыру курстарын ұсынады.

    Аталған курстардың мақсаты заманауи білім беру талабына сәйкес оқу-тәрбие жұмыстарын жаңаша ұйымдастыру, мұғалімдердің функционалдық сауаттылығы мен жаңаша оқыту әдістерін қолдана білуіне ықпал ету, жергілікті жерлердегі авторлық бағдарламаларды зерделеу, мамандарға әдістемелік көмек көрсету, озық тәжірибелерді республикаға тарату. Аталған курстар аясында алынған бағытқа сәйкес нормативтік құқықтық құжаттар, білім беру саласындағы жаңа технологиялар және олардың қолданылуы, интербелсенді әдістерді тиімді қолдану жолдары, АКТ мүмкіндіктерін пайдалана білу және желілік қауымдастыққа ену мүмкіндіктері қарастырылады. Курс барысында мамандардың біліктілігін арттыру тәжірибедегі әрекеттерімен байланыста болуы үшін өздерінің жұмыс орындарынан (мектеп, балабақша, орталық, т.б.) алыстамай, нақты іс-әрекеттерді жүзеге асыру мүмкіндіктері тұрғысынан қарастыру басты назарға алынады. Тыңдаушылардың талап-тілектеріне байланысты тақырыптар қарастырылады.

Последнее изменение Вторник, 06 Сентябрь 2016 12:34

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.


Уроки создания сайта.