News (5)

17 Янв 18
Автор
Опубликовано в News

«Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы» ЖШС «Ұлттық мектеп моделі: авторлық мектептер тәжрибелері» атты сырттай педагогикалық жәрмеңке өткізеді.
Аталған шара тәуелсіз еліміздегі алғашқы ұлттық мектеп моделін қалыптастырушы, «Сенім» оқу-тәрбие бағарламасының авторы, қазақ гуманитарлық мәдениеті лицейін ашушы әйгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Алма Мүтәліпқызы Қыраубаеваны еске алу, ұлағатты ұстаздың еңбектерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылады.
Мақсаты: Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы білім беру ұйымдарындағы ұлттық-рухани құндылықтарға бағытталған оқу-тәрбие жұмысының жүйеленуіне ықпал ету және педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру, өзара тәжірибе алмасу.

11 Янв 18
Автор
Опубликовано в News

«Ұлттық ойын – бабалар мұрасы» атты мектепішілік асық ойынының ережесі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген «2015-2020 жылдарға арналған Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру» және ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында мектеп оқушыларының арасында өткізілетін асық ойынының мектепішілік жарыстары ережелерін анықтайды.

11 Янв 18
Автор
Опубликовано в News

«Өлкеңді тану – өзіңді тану!» тақырыбында танымдық экспедицияны ұйымдастыру ережесі

Жалпы ережелер

Бұл ереже Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мектеп оқушылары арасында өткізілетін «Өлкеңді тану – өзіңді тану» тақырыбындағы танымдық экспедицияның мектеп ішінде өткізілу шарттарын анықтайды.


Танымдық экспедицияның мақсаты мен міндеттері

Танымдық экспедицияның мақсаты оқушылардың бойындағы еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілікті арттыру. Оқушыларды республика аймақтарымен толық таныстыра отырып, әр өңірдегі табиғи, тарихи, мәдени, этнографиялық құндылықтарды зерделеуіне мүмкіндік беру.
Шараның идеологиялық мазмұны төмендегідей міндеттерді қамтиды:

11 Янв 18
Автор
Опубликовано в News

«Шығармашылық шеберлікке баулу» орталығы 2015 жылдың 15 сәуірі күні «Ұстаздық еңбек: Тарих. Қоғам. Тұлға» тақырыбында республикалық конференция өткізеді.
Аталған шара ІІ-ші дүние жүзілік соғыстың аяқталуына 70 жыл және ардақты ұстаз, қоғам қайраткері, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі Асылхан Қасымбектің туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылуда.
Шараның басты мақсаты – ел басына күн туған кезеңде қолына қару алған майдангер-ұстаздардың ерлігі мен еңбегіне тағзым ету. Өскелең ұрпаққа бабалар өнегесін кеңінен насихаттау.
Қанды қырғынды бастан кешкен отандастарымыздың қатарында Ұлы Жеңіске үлес қосқан ұлтжанды азамат, еңбек ардагерінің өнегелі өміріне арналған бұл шара ұстаз еңбек еткен Балқаш ауданы, Миялы орта мектебінде атап өтіледі.

11 Янв 18
Автор
Опубликовано в News

Білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби шығармашылығын шыңдау, педагогикалық-психологиялық, әдістемелік қолдау көрсете отырып, балалардың тұлғалық ерекшеліктерін ескеріп жұмыс жасау мәселелері мен жеке авторлық ізденіске бағдар беру мақсатында «Шығармашылық шеберлікке баулу» орталығы қызмет жасайтынын хабарлаймыз.
Орталықтың міндеттері: Білім беру ұйымдарында тұлғаның әдептілік-әдемілігі, салауатты өмір салтын ұстануы, ұлтжандылық, отаншылдық, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруды тағылымтану мен тұлғалық танымға негіздей отырып мамандардың кәсіби біліктіліктерін арттыруға атсалысу.
• Отбасылық тәрбиедегі ата-ананың тәрбиелік танымына оңды ықпал ету.
• Ұлттық педагогиканың теориялық негіздеріне сай білім беру ұйымдарындағы жүргізіліп жатқан оқу-тәрбие жұмыстары мен жеке ізденіс бағдарламаларын зерделеу.

Уроки создания сайта.