Біз пір тұтқан тұлғалар

Гүлнар Тоқайқызы Қажиева, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамы филиалы Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлері біліктілігін арттыратын республикалық институттың аға оқытушысы, «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері», Педагогика және психология магистрі.

Мен үшін кіндік қаным тамып, туып өскен қасиетті Сарыжаз ауылындағы ұстаздарымның орны ерекше. Жалпы, ұстаздық мамандықты таңдап, өмірлік мақсатымды анықтауға ықпал еткен менің аяулы осы ұстаздарым!
Тұла бойларынан ізгіліктің лебі есіп тұратын, білім нәрімен сусындатқан, өміріме бағыт-бағдар берген, өнеге көрсеткен абзал жандардың көбі бүгін арамызда жоқ. Солардың бірі де бірегейі маған математика пәнінен сабақ берген Нүсібәлі ағайым!
1937 жылдың 13-қаңтарында өмірге келген Нүсібәлі ағай Шыңжаң университетінің физика-математика факультетін бітіргеннен кейін, 1960 жылдардың басынан Атамекенге оралғаннан бастап Алматы облысы, Райымбек (Нарынқол) ауданы Сарыжаз орта мектебіне ұстаздық қызметке кіріседі. Содан зейнеткерлікке шыққанға дейін табаны күректей 40 жылдай осы бір ғана білім ордасында еңбек етті.

Ұстазым Сүлейменов Нүсібәлі туралы бір үзік сыр...

Гүлнар Тоқайқызы Қажиева, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамы филиалы Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлері біліктілігін арттыратын республикалық институттың аға оқытушысы, «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері», Педагогика және психология магистрі.

Мен үшін кіндік қаным тамып, туып өскен қасиетті Сарыжаз ауылындағы ұстаздарымның орны ерекше. Жалпы, ұстаздық мамандықты таңдап, өмірлік мақсатымды анықтауға ықпал еткен менің аяулы осы ұстаздарым!
Тұла бойларынан ізгіліктің лебі есіп тұратын, білім нәрімен сусындатқан, өміріме бағыт-бағдар берген, өнеге көрсеткен абзал жандардың көбі бүгін арамызда жоқ.
Солардың бірі де бірегейі маған математика пәнінен сабақ берген Нүсібәлі ағайым!

Серікжан ҚАЖИ, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

Ұстаз... осынау сөздің астарында қаншама терең мағына жатыр десеңізші... Жер бетінде Ұстаз алдын көрмеген пенде бар ма екен, сірә да?! Мектеп партасында білім берген ұлағатты жандарды айтпағанда Өмір жолында бағыт-бағдар берген, қолдаған, сүрінгенде сүйеу болған жандар да Ұстаз деген ардақты есімге әбден лайықты деп ойлаймын. Бұл ретте Қазақстанның халық жазушылары, көрнекті қаламгерлер – Әбу Сәрсенбаев пен Мемлекеттік сыйлықтың лаураеты Фариза Оңғарсынованы өзіме Ұстаз санаймын. Ол басқа әңгіменің өзегі. Бүгінгі Сөз мектеп партасында терең білім берген, талапшылдығымен де ерекше есімде қалған ұстазым, математика пәнінің мұғалімі Нүсібәлі Сүлейменов жайында болмақ.

Уроки создания сайта.