Ата-аналар мектебі (1)

01 Фев 18
Автор
Опубликовано в Ата-аналар мектебі

Ата-аналар мектебі ережесі

Жалпы ереже

1. Білім беру ұйымындағы ата-аналар мектебі – (бұдан әрі «Ата-аналар мектебі») – өскелең ұрпақты тәрбиелеу жұмысына тікелей атсалысатын, ата-баба дәстүрін насихаттаушы ата-аналар жұртшылығы өкілдерінің қоғамдық бірлестік.
2. «Ата-аналар мектебі» білім беру органдарының ата-аналар жұртшылығымен бірге жергілікті өкілетті органдар, қоғамдық ұйымдармен әлеуметтік әріптестік жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ұсыныстарды дамыту, жүзеге асыруға ықпал жасау мақсатында құрылады.
3. «Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы» ЖШС – «Ата-аналар мектебінің» консультативтік-кеңесші органы болып табылады.
4. «Ата-аналар мектебі» қоғамдық бірлестігі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы» Заңын, жас ұрпақты тәрбиелеу қызметіне қатысты және ата-аналардың ролін арттыру жөніндегі өзге де нормативтік заңнамалық құжаттарды басшылыққа алады.

Уроки создания сайта.