Қазақ болмысы

Қазақтың аманаты – ЖЕР-АНА!
Құжаты – Тасқа басылған тарихы!
Генетикалық коды – Салт-дәстүр!
Қазақтың панасы – Ұлы даласы!
Қазақтың мәңгілігі – Ана тілі!
Ұраны – АЛАШ!
Қайсарлық символы- Көк бөрі!
Жаны – Арының садағасы!
Тамыры – Шежіресі!
Тектілігі – Жеті ата!
Киелісі – Шаңырақ!
Берекесі – Тайқазаны!
Иманы – Жүрегінде!
Бәсі - Тәуекелінде!
Мінезі – Сертінде!
Бары – Қанағатында!
Құшағы – Кеңдігінде!
Көңілі – Қонақжайлылылығы!
Бет пішіні – Иманжүзді!
Әділдігі – Тура биінде!
Ырысы – Киіз үйінде!
Күші – Бірлікте!
Сағынышы – Жусанның иісінде!
Сырласы – Табиғат!
Қазақтың үні – Домбыра!
Ғажайыбы – Күйінде!
Шаттығы – Қара жорға биінде!
Келбеті – Ұлттық киімінде!
Нышаны – Ою-өрнегі!
Тағылымы – Данасында!
Мейрімі – Анасында!
Еркелігі - Баласында!
Қанаты – Тұлпары!
Байлығы – Ұрпағы!
Салтанаты – Тойында!
Алғысы – Батасында!
Думаны - Айтыс!
Өнері – Жыр-термесі, өлеңі!
Биіктігі – Хан Тәңірі!
Өркениеттің белгісі – Алтын адам!
Рухани ордасы – Түркістан!
Ғаламдағы орны – Қазақстан!
Қазақтың тәжі – Астана!
Ұлттық құндылықтар – Рухани иммунитет,
Рухани иммунитет – Қазақтың сауыты!


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Уроки создания сайта.